Науқасқа ота жасаған нейрохирург-дәрігері Гизатуллин Марат Римұлының айтуынша, қан кету мидың ісініп, бас миының өзегінің қысылуына әкелген. Әдетте бұндай жағдай жүрек пен тыныс алудың тоқтауына «ықпал» етеді. Науқасқа Қонаев қаласының дәрігерлері шұғыл түрде желке сүйегінің трепанациясын және омыртқа бағанасының резекциясын өткізіп, гематоманы алып, қатты ми қабығының пластикасын жасады.
«Біз науқастың жасына қарамаймыз. Жақында 75 жастағы әйелдің омыртқасынан ісікті алып, омыртқаларын жасанды омыртқаға ауыстырдық. 30 жыл бұрын бұл науқасты емдеу мүмкін болмас еді, қазір емдеу әдістері жеткілікті», – дейді Марат Римұлы өз сөзінде.
Резекциялық трепанация әдетте бас миының жарақаты кезінде, егер бассүйек ішілік қысым күрт көтерілсе немесе сүйектің тұтастығын сақтауға мүмкіндік бермейтін ұсақталған сынықтарда, бас миын декомпрессиялау мақсатында жасалады. Сонымен қатар, артқы бассүйек шұңқырында ота кезінде резекциялық трепанация қолданылады.
Ота жасалған қонаевтық науқас үйіне аман-есен оралды. Ол өзінің өмірін сақтап қалған барлық дәрігерлерге, әсіресе нейрохирург-дәрігері Гизатуллин Марат Римұлына алғысын білдіріп, емдеу мекемесінің басшылығына, ауруханада жасалған барлық мүмкіндіктер
үшін ризашылығын білдірді. Жақындарының жанына оралып, өмір сүру ол үшін маңызды екендігін айтты.
Қонаев қаласының дәрігерлері миына қан құйылған 61 жастағы ер адамды аман алып қалды
Танымал
Ел аузында
Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.
Сайт әкімшілігі