Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Жетінші аурухана дәрігерлері инсульт алған пациенттерді қалыпты өмірге оралтып жатыр

Танымал

Ел аузында

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық аурухананың нейрореабилитация бөлімінде инсульт пен жарақат алған 2 мыңнан астам адам денсаулығын қалпына келтірді, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
Бөлімше оңтүстік астананың ғана емес, еліміздің түпкір-түпкірінен келген науқастарды қабылдайды. Соның бірі – 58 жастағы Баян Қонақбаева Алматы облысының Қарасай ауданынан келген. Инсульттен кейін оң жағы толық жансызданып қалған ол өздігінен тамақ ішіп, жүріп-тұра алмайтын. Қазір осында МӘМС шеңберінде медициналық оңалтудың үшінші курсынан өтіп жатыр.
«Бірінші курстан кейін сал болып қалған қолымды қозғалтып жаттыға бастадым. Мұнда сал келген едім, оңалтудың екінші курсынан соң таяққа сүйенбей өзім жүріп кеттім. Есте сақтау қабілеті нашар болатын. Берілген жаттығуларды кинезиотерапия кабинетінен шыққан бойда ұмытып қалатындықтан бастан-аяқ телефонға түсіріп алып жүрдім. Енді міне, үшінші кезең бітуге жақын қалды, қазір үшбұрыш, шеңбер, шаршы, жұлдыз сынды пішіндерді салуды үйрендім. Жазуды қайта үйренуге деген құлшыныс пайда болды, дәрігерлерге деген алғысымды өз қолыммен жазып отырмын», – дейді пациент.
Емдеуші дәрігер, нейрореабилитация бөлімшесі меңгерушісі Айнұр Досыбаеваның айтуынша, үшінші курстан кейін науқастың аяғы мен қолдағы бұлшық еттерінің күші 4 балға дейін артқан (норма бойынша 5,0 балл).
Жалпы, реабилитация – МӘМС қаражаты есебінен жүргізілетін қымбат медициналық қызметтердің бірі. Пациенттер бөлімшеде күн сайын жеке кинезиотерапия, ПНФ, Бобот әдістерімен емдік дене шынықтыру, массаж, магнитті терапия, бұлшық етті электр тогымен стимуляциялау, лого-психикалық реттеу сынды ем түрлерін қабылдайды.
«Инсульт алған пациенттер бізге толық тексеріліп, ем курсын бітіргеннен кейін келеді. Біздің ауруханада олармен түрлі салалық дәрігерлер, әдістемеші-инструктор, емдік дене шынықтыру мамандары, логопедтер мен психологтардан құралған мультидисциплинарлық команда жұмыс істейді. Біздің бүгінгі кейіпкерімізбен Арай Есетай дейтін инструкторымыз айналысты», – дейді Айнұр Досыбаева.
Инсульт алғаннан кейін бір сағат ішінде ауруханаға жеткізілген пациентті емдеп жазу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан тілдің күрмелуі, аяқ-қолдың ұюы, беттің жансыздануы сынды белгілер байқалған кезде бірден жедел жәрдем шақыру қажет, деп атап өтті маман.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 2-кезеңдегі оңалтудан инсульт алғаннан кейін жарты жыл ішінде өтуге болады. Жолдаманы жергілікті емхана дәрігерлері береді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...