Алматы облысында туристер отырған автобус аударылып кетті: зардап шеккендер бар

Танымал

Ел аузында

Алматы облысында туристер отырған автобус аударылып кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 27 мамырда сағат 10:20-да болған. Алматы облысы, Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобуспен жол апаты болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, автобус «Қазавтожол» желісіне жататын «Аласа» асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты.

Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді.

Орын алған жол апаты бойынша адам шығыны тіркелмеген.

Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Розовый октябрь»: в области Жетісу проходят мероприятия по раннему выявлению рака молочной железы

Специалисты Областной многопрофильной клиники области Жетісу в рамках месячника «Розовый октябрь» усилили работу по профилактике рака молочной железы и...