Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Ақпараттық технология сот қызметін ашық етті

Танымал

Ел аузында

Бүгінгі таңда сандық технологияның дамығаны сондай үйде немесе кеңсе де отырып-ақ,  жұмысымызды оңай оңтайландырып, мемлекеттік органдардың қызметін онлайн алуға мүмкіндік алдық. Ең бастысы, компьютеріңіз бен ғаламторыңыз болса жеткілікті. Тіпті, ұялы телефонменде мобильді қосымшалар арқылы  көптеген онлайн қызметтің пайдасына қанық бола аласыз. Жыл сайын ақпараттық технологияның қарқынды дамуының негізінде сот жүйесі де тоқтаусыз жаңа қызметтермен толығып келеді. Атап айтсақ, тұрғындар сотқа өздерінің өтініштері мен арыз-шағымдарын «Сот кабинеті», «Е-өтініш» қызмет көрсету жүйелері арқылы жолдай алады. «Сот кабинеті» арқылы  талап қою, шағымдар және өтінішхаттар беруге, мемлекеттік баж төлемін онлайн төлеп, электронды сот құжаттарын қарауға, сақтауға, жүктеуге мүмкіндік мол. Тіпті, «Сотқа шақыру қағазы», «Сот құжаттарымен танысу» және «Хабарламаға сот құжаттарын қарау» онлайн сервистерді пайдалана алады. Нәтижесінде, азаматтардың сот қызметіне деген қолжетімділігі артып, тараптар уақыты мен жолға жұмсайтын шығынын үнемдеуде. Одан бөлек, өңір соттарының күту залдарына сотқа келушілерге «Сот кабинеті» арқылы арыздарын, өтініштерін жолдау үшін компьютерлер қойылғанын атап өткен жөн. Сотқа жүгінушілер сол жерде отырып, өздерінің талап қоюларын жолдап, сервиске қатысты сұрақтарына жауап алуда. Мәселен, 2024 жылдың 1 тоқсанында облыс соттарына 5558 талап арыз келіп түскен, оның ішінде 4942 электрондық арыз «Сот кабинеті» арқылы тіркелген. Сондықтан, жоғарыда аталған сервистерді қолданатындардың саны  күн сайын  артуда десек қателеспейміз.

Сондай-ақ, тараптар сот отырыстарына қашықтықтан қатыса алады. Жалпы, сот отырыстарына онлайн қатысу коронавирус індеті кезінде белең алған еді. Санаулы уақыттың ішінде қашықтықтан қатысу бойынша кемшіліктер жойылып, қазірдің өзінде сотқа келу мүмкіндігі болмаған жағдайда сот процесіне онлайн қатысуды құп көретіндер жетерлік. Маңғыстау облысы бойынша аудандық және оған теңестірілген соттар бойынша 46 (қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша) сот отырысының залдары дыбыс-бейнежазба құрылғысымен толық жабдықталған, яғни 100% жұмыс жасауда. Әкімшілік құқық бұзушылықтар істер де 100% дыбыс-бейнежазба құрылғысы пайдалануымен қаралып отыр. Бұл сот процестерінің ашық әрі әділ өтуіне ықпал етері сөзсіз.

Қорыта айтсақ, кез келген ыңғайлы уақытта соттармен барынша ыңғайлы байланыс орнатуға мүмкіндік беретін, халық үшін ыңғайлы, қарапайым және түсінікті құралдарды жасау мақсатында іске қосылған ақпараттық технологиялардың көмегімен сот қызметі ашық, жедел, қолжетімді бола түсті.

НАЗГҮЛ САМЕНДИРОВА, Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының сот әкімшісі 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...