Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

10 жылда алғаш рет: Қапшағай 100 пайызға толтырылды

Танымал

Ел аузында

10 жылда алғаш рет Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы 100 пайызға толтырылып, 18 млрд текше метрден астам су жиналды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су қоймасы Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінің суын жинайды. Осы көктемде су қоймасына секундына 900 текше метрге дейін су келді. Мамандар мұны Тянь-Шань мұздықтарының еруімен және жауын-шашынның көп болуымен байланыстырады.

«Соңғы рет Қапшағай су қоймасы 2014 жылы 100 пайызға толтырылды. Суару кезеңінің басынан бастап Шеңгелді ауылдық округінің 6 мың гектар егіс алқабына және Ақдала ауылдық округінде 28 мың гектарға су беріледі. Бүгінде аграршылардың сұранысы бойынша секундына 750 текше метр су жіберіледі», – деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Медет Керімжанов.

Қазір Қапшағай су қоймасында 16,2 миллиард текше метр су бар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...