Тергеуге жақын дереккөздің мәліметінше, Дуровты қамауға алу мерзімі тергеу судьясының шешімі бойынша ең көп дегенде 96 сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Осы кезең аяқталғаннан кейін судья босату немесе айып тағу және қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Француздық БАҚ Францияның Әділет министрлігі (OFMIN) алаяқтық, есірткі саудасы, кибербуллинг, ұйымдасқан қылмыс және терроризмді насихаттауды қоса алғанда, болжамды қылмыстарды алдын ала тергеу аясында Дуровты тұтқындауға санкция бергенін хабарлады.
Дуровқа оның платформасын қылмыстық пайдаланудың жолын кесу бойынша шаралар қабылданбады деп күдік тағылды.
Бұған жауап ретінде Telegram ЕО заңдарын, соның ішінде цифрлық қызметтер туралы заңды ұстанатынын мәлімдеді және мессенджердегі модерация «салалық стандарттарға сәйкес келеді және үнемі жетілдіріліп отырады» деп атап өтті.