Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Алматылық жастар референдумға белсенді қатысуда

Танымал

Ел аузында

Алматыда сайлау учаскелерінде жастардың көптеп келіп жатқаны анық байқалады. Олар үшін бұл тек өз азаматтық міндеттерін орындау ғана емес, сонымен қатар ел болашағына тікелей әсер ету мүмкіндігі болып отыр. Әсіресе, елімізде АЭС салынуы жастардың назарынан тыс қалмады. Көптеген жастар бұл шешімнің тек энергетика саласы үшін ғана емес, елдің экономикалық тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін де маңызды екенін түсінеді.

«Мен үшін бұл тек дауыс беру емес, Қазақстанның болашағына деген жауапкершілікті сезіну. АЭС салу – біздің ел үшін өте қажет және маңызды қадам деп ойлаймын. Бұл энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге және экономикамызды тұрақты дамытуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті референдумға келген жас маман.

Жастардың пікірінше, дәл осындай сәттерде әр азаматтың дауысы маңызды рөл атқарады. «Еліміздің болашағын біз, жастар, құра аламыз. Сондықтан референдумға келіп, өз пікірімізді білдіру – біздің міндетіміз», – деді студенттердің бірі. Сонымен қатар, кейбір жастар референдумға алғаш рет қатысып отырғандарын атап өтті, бұл оларға ерекше тәжірибе мен жауапкершілік сезімін береді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...