Түн тыныштығын бұзып, трассада ойқастаған 10-ға тарта жүргізушіні сақшылар жауапқа тартты

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасын бақылап отырған полицейлердің назарына түнгі сағат 03:00 шамасында жүргізушілер тарапынан орын алған өрескел құқық бұзушылық ілінді. Яғни Түркістан қаласының Ж.Майкотов-Алматы көшелерінің қиылысында «Lexus РХ330», «Huyndai Elentra», «Daewoo Nexia», «Lada», «ВАЗ 2114» маркалы 10-ға тарта автокөліктің жолдың үстінде мемлекеттік белгілерін алып тастап,«кортеж» жасап жүргені анықталды.
Бұл бойынша бірден жақын аумақта жүрген патрульдік полицияға хабар берілді. Оқиға орнына жеткен автоэкипаж жол ережесін бұзған көліктерді тоқтатуға белгі берді. Алайда олар полицияның заңды талабына бағынғысы келмеді. Осы сәтте тағы бір экипаж көмекке келіп, жан-жақты жүргізілген шаралар нәтижесінде құқық бұзушыларға тұсау қойылды. Тексеру кезінде көліктердің жол ережесін сақтамай, тұрғындардың түн тыныштығын бұзғаны белгілі болды. Бейнежазба жасау үшін құқық бұзушылыққа барған жас жігіттермен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде құқық бұзған жас жүргізушілердің автокөлігі айыптұраққа жеткізілді. Аталған көлік иелеріне бірнеше баппен, яғни мемлекеттік тіркеу белгілері жоқ және қарсы бағытқа шығып көлік басқарғаны бойынша әкімшілік шара қолданылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Розовый октябрь»: в области Жетісу проходят мероприятия по раннему выявлению рака молочной железы

Специалисты Областной многопрофильной клиники области Жетісу в рамках месячника «Розовый октябрь» усилили работу по профилактике рака молочной железы и...