Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп

Танымал

Ел аузында

             Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділет­ті Қазақ­стан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» ат­ты Қазақ­стан халқына арнаған Жолдауында отандық экономиканың тұрақтылығын және еліміздің дәйекті дамуын қамтамасыз ету жолындағы стратегиялық басымдықтарды айқындап берді. Сондай-ақ бас құжат­та заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге және сая­си жүйенің тиімділігін арт­тыруға арналған маңызды міндет­тер де нақтыланып, белгіленді.

             Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ел дамуы үшін маңызды 9 стратегиялық бағыт айқындалды. Олардың қатарында ақша-несие және салық саясаты арасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажет­ті жағдайды жақсарту, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, кадрлық әлеует­ті арт­тыру, ұлт денсау­лығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алу, халықты әлеумет­тік қолдау жүйесін жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекет­тік басқару ісінің тиімділігін арт­тыру және қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру сияқты маңызды тақырыптар көтерілген.

             Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады.
              Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал, арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады», деді Президент.
             Оның айтуынша, Әділетті Қазақстан және адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс.
Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге, жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуға тиіс.

               Мемлекет басшысы өз Жолдауында белгілеп берген басымдықтарды сапалы әрі дер кезінде жүзеге асыру әділет­ті Қазақ­станның тұрақты экономикалық дамуына және тәуелсіз еліміздің тұғырын нығайтуға тың серпін береді.

                               Қызылорда қалалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Балғабай Бахыт Бауыржанқызы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қызылордада визажист пробация есебіндегі азаматшаларға макияж жасауды үйретіп, сертификат табыстады

Қызылорда облыстық Жастар ресустық орталығында  визажист  Серік Арайлым қыз-келіншектерге  тегін шеберлік сабағын өткізді. Бұл шараға Қызылорда қалалық пробация есебіндегі...