Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті

Танымал

Ел аузында

Шараның мақсаты – жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу. Кездесуді мекеме бастығы әділет майоры Абай Есенгелдіұлы Битаев ашты. Ол сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы теріс әсерлерін атап өтті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басқармасының бас маманы Жанар Жалғасбайқызы Қозбағарова, ҚАЖ департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет подполковнигі Серік Жоламанов және ҚАЖД тәрбие және кадр саясаты тобының бас маманы әділет майоры Әлішер Беркінбеков қатысты.

Жанар Қозбағарова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын баяндады.

Ал әділет подполковнигі Серік Жоламанов жемқорлықтың заңға қайшы әрекет екенін және оның ауыр салдарын айтып, заң шеңберінде адал қызмет атқаруға шақырды. Әділет майоры Әлішер Беркінбеков жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты сақтау жөнінде баяндама жасады.

Кездесу соңында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берілді. Шара қорытындысында қызметкерлер жемқорлықтың әрбір адамның болашағына ауыр соққы болатынын түсініп, оның тек қылмыстық жауапкершілікке ғана емес, жұмыстан айырылу және отбасылық қиындықтарға алып келетінін ерекше атап өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қызылордада визажист пробация есебіндегі азаматшаларға макияж жасауды үйретіп, сертификат табыстады

Қызылорда облыстық Жастар ресустық орталығында  визажист  Серік Арайлым қыз-келіншектерге  тегін шеберлік сабағын өткізді. Бұл шараға Қызылорда қалалық пробация есебіндегі...