Шымкент қаласының әкімдігі 25 жылдық тарихы бар «Водные ресурсы маркетинг» ЖШС не рейдерлік қысым көрсетіп отыр. Қала халқын 98% сумен қамтамасыз ететін компанияның болашағына қауіп төніп тұр.
Бұл тек әкімнің мүддесі
1 мыңнан аса жұмысшысы бар ірі кәсіпорын негізсіз тексерістер мен айыптаулардан шаршағанын айтып, Алматыда арнайы брифинг ұйымдастырды. Компания құрылтайшысы Анарбек Орман әкімдік әрекеттерін заңсыз деп бағалап, «мемлекетке қайтару» деген сылтаумен кәсіпорынның қызметіне нұқсан келтіріліп жатқанын мәлімдеді.
Заңгер: Әкімдік заң талаптарын өрескел бұзып отыр
«Бұл тек әкімнің мүддесі. Бұрын мұндай мәселе болған жоқ. 26 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп келеміз. Әкім келді де, ‘мемлекетке қайтарамын’ деді. Қай заңға сүйеніп қайтарып алмақсыз?’ деп сұрасам, тек ‘стратегиялық нысан’ деп қайталайды. Біздің мекеме 1998 жылы құрылған, ол кезде ондай заң болмаған», – дейді Анарбек Орман.
Компанияның заңгері де әкімдіктің әрекеттерін заңсыз деп бағалайды. Оның айтуынша, Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасы кәсіпорынға қарсы үш рет сотқа арыз берген, бірақ нақты негіз болмағандықтан, арыздарын қайтарып алған.
Шымкент қаласының әкімдігі бүгінге дейін компанияны үш рет сотқа беріп, үш рет арызын қайтарып алған. Бір миллионға жуық адамды сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын жайлы Үкіметке үнемі жалған ақпараттар берді.
«Мемлекеттік орган тарапынан атап айтқанда Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасы біздің үстімізден 3 рет талап арыз беріп, азаматтық іс қозғады. Десе де, ол істер бойынша барлық талап арыздар қараусыз қалдырылды. Өйткені талапкердің өзі арызды қайтарып алды. Әкімдіктегілер жеке кәсіпкер мүлкін мемлекеттің меншігіне айналдырғысы келеді. Айтар уәждері жекешелендіру кезінде қателіктер кетті дейді. Өздеріңізге белгілі жекешелендіру заңы бойынша оның ескіру мерзімі бар. Соған сәйкес 1997-1998 жылдары жекешелендірілген мекемеге қарсы талап-арызды 6 ай ішінде ғана бере алады. Мемлекеттік мекеме осы заңды өрескел бұзып отыр. Және бізді сотқа беретін еш негіз жоқ екенін жеткізгім келеді», – деді заңгер Сағатбек Жұман
Тіпті министрліктегі жауапты мекемелер (мемлекеттік кірістер комитеті, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) әкімдіктің заңсыз және орынсыз мәліметтерін жоққа шығарып, кәсіпорын жайлы ресми түрде оң пікір білдірген. Сонымен қатар, компания құзырлы органдардың тексерулерінен мезі болған. Кірістер департаменті мен мемлекеттік аудит басқармасы 5 айдан астам уақыт бойы тексеріс жүргізсе де, ешқандай нәтиже жарияламаған.
«Ешқандай қорытынды немесе себеп айтылмайды. Бұл – жеке компанияның жұмысына қасақана кедергі келтіру», – деді заңгер.
«Мемлекеттік мекемелер сияқты қарызға батпай, таза табыс негізінде жұмыс істеп келеміз»
Кәсіпорын басшылығы өздерінің Қазақстандағы сумен қамтамасыз ету саласының көшбасшысы екенін атап өтті. Компания Еуропалық қайта құру және даму банкінен (ЕҚДБ) 30 млрд теңге несие тартып, жеке инвестициялар арқылы 15 млрд теңге көлемінде қаржы құйған. Бұл қаражатқа 150-ден аса су ұңғымасын іске қосып, ескірген инфрақұрылымды жаңартқан. Осы кәсіпорын басшысы Анарбек Орман мінсіз қызметі үшін Президент Тоқаевтың қолынан «Алтын Сапа» сыйлығын да алған. Кеңес үкіметінен келе жатқан, әбден тозған отандық құрылымды 10 жыл бұрын Польша елінен құрылғылар әкеліп, 100 мың текше метрге модернизация жасаған. Қалада 1900 шақырым су құбыр болса, солардың 110 шақырымын жаңалап су сүзу нысандарына Ұлыбританияның заманауи құрылғыларын орнатқан.
Шымкенттегі кәсіпорын бүгінде Қазақстанда елді сапалы сумен қамтамасыз етуде үлгілі және үздік мекеменің бірі саналады. Астана қалалық ауызсу мекемесі «Водные ресурсы маркетинг» ЖШС кәсіпорнын тәжірибесін қолданып келеді және аталмыш компания өзге қалалар секілді мемлекеттен субциядия мемлекеттік тапсырыс алмайды. Компания құрылғалы бері 2023 жылға дейін мемлекетке 16 млрд теңге салық төлеген. Биыл 2,2 млрд теңгеге жуық салық төлемекші. Осынша абыройлы қызметіне қарамастан, жергілікті әкімдік етектен тартып жұмыс істетпей келеді.
«Біз өзге мемлекеттік мекемелер сияқты қарызға батпай, таза табыс негізінде жұмыс істеп келеміз. 2023 жылға дейін мемлекетке 16 млрд теңге салық төледік, биыл 2,2 млрд теңге төлемекпіз.Астана қалалық ауызсу мекемесі жақында біздің жұмыс тәжірибемізді үйреніп кетті. Ең бастысы, бізге кедергі жасамай, қолдау көрсету қажет», – деді серіктестік басшысы.
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына нұсқаны келуі мүмкін
Компанияға Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэтти Лич арнайы іссапармен келген. Ол Англияда сумен қамтамасыз ету саласының жекеменшік секторда екенін атап өткен екен.
«Бұл жағдайдың халықаралық дау тудыру қаупі бар. ЕҚДБ 12 млрд теңге несие берген компанияның болашағына алаңдаулы. Егер әкімдік заңсыз әрекеттерін тоқтатпаса, халықаралық арбитражға жүгіну мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бұл Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына нұқсан келтіруі ықтимал» дейді серіктестік басшысы. ««Бұл жағдайдың халықаралық дау тудыру қаупі бар. ЕҚДБ 12 млрд теңге несие берген компанияның болашағына алаңдаулы. Егер әкімдік заңсыз әрекеттерін тоқтатпаса, халықаралық арбитражға жүгіну мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бұл Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына нұқсан келтіруі ықтимал» дейді серіктестік басшысы.
«Водные ресурсы маркетинг» ЖШС елдегі экономикалық тұрақтылық пен инвесторлардың сеніміне нұқсан келтірмеу үшін мәселені заң аясында шешуге шақыратындықтарын жеткізді.Шым