Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Қонаевтан Токиоға дейін: қазақстандық хирургтер Жапонияда тағылымдамадан өтеді

Танымал

Ел аузында

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жапониялық жетекші мамандардың қатысуымен оперативтік эндоскопия бойынша халықаралық шеберлік сабағы басталды. Аталған іс-шара қазақстандық медицинаның дамуына және заманауи халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған маңызды қадам болды.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің айтуынша, бұл шеберлік сабағы – жай ғана тәжірибе алмасу емес, аймақтың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосылған нақты үлес.

«Біз жапондық ғылыми орталықпен келісім жасау бойынша соңғы кезеңге жақындап қалдық. 2026 жылдан бастап Алматы облысының хирургтері мен эндоскопистері Жапонияда тегін оқып, тағылымдамадан өте алады. Негізгі талаптардың бірі – ағылшын тілін білу. Бұл жас мамандар үшін қосымша мотивация болады», – деді Ержан Сүлейменов.

Сондай-ақ ол өңір мамандары Астанадағы Ұлттық онкология орталығында да білім алатындығын атап өтті. Бұл мекеме – елдегі жетекші медициналық ұйымдардың бірі.

«Біздің мақсат – медициналық кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету және озық технологияларды енгізу», – деп қосты басқарма басшысы.

Шеберлік сабағына Жапониядан екі жетекші хирург және Қазақстанның штаттан тыс бас эндоскописі, профессор Қанат Батырбеков қатысуда. Екі күндік бағдарлама аясында демонстрациялық операциялар, оқыту сессиялары және клиникалық жағдайларды талқылау өткізіледі.

Шеберлік сабағының алғашқы күнінде үш күрделі эндоскопиялық операция жасалды. Барлық операциялар сәтті өтіп, қазақстандық мамандар үшін құнды тәжірибеге айналды.

Эндоскопия орталығының меңгерушісі Тахир Шкуралиевтің айтуынша, жапон эндоскопия мектебі дәлдік пен ұқыпты араласу философиясымен ерекшеленеді.

«Біз тек технологияны ғана емес, дәрігердің ойлау жүйесі мен науқасқа деген қарым-қатынасын да үйреніп жатырмыз. Бұл – өңірлік эндоскопиялық қызмет үшін жаңа кезең», – деді ол.

«Қазақстандық эндоскопиялық қоғам» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, профессор Қанат Батырбеков шеберлік сабағы аясында жүргізіліп жатқан нақты операциялар мен халықаралық сарапшылармен пікір алмасу медициналық көмектің сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Шеберлік сабағының екінші күні қосымша хирургиялық демонстрациялар мен науқастарды консультациялау жоспарланған. Мұндай жоғары деңгейдегі шараның Қонаев қаласында өткізілуі отандық мамандардың біліктілігін және қазақстандық медицинаның халықаралық әріптестікке ашықтығын дәлелдеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

От Конаева до Токио: казахстанские хирурги пройдут стажировку в Японии

В Городской многопрофильной больнице Конаева стартовал международный мастер-класс по оперативной эндоскопии с участием ведущих специалистов из Японии. Мероприятие стало...