Алтын ұрлап, айыпты болды

Танымал

Ел аузында

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар қала тұрғынын қолға түсірді.

31 жастағы күдікке ілінген әйел зергерлік бұйымдар сататын бутикке кіріп, сатушыдан алтын алқаларды көрсетуді өтінген.

Сатушының басқа клиенттерге қызмет көрсеткенін пайдаланып, алтын алқаның біреуін жасырын ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Алайда ұрлаған бұйымды ломбардқа өткізіп үлгермеген. Тәртіп сақшылары дер кезінде анықтап, күдіктіден қолды еткен алқаны тәркілеп алды.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...