Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
-3.7 C
Shymkent

ПОЛИЦЕЙЛЕР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚТАН ҮЛКЕН ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАДЫ

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы полиция департаментінің мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлеріне психологиялық даму бағыты бойынша дәріс өткізілді. Тәрбие және Кадр жұмысы басқармасының бастамасымен өткізіліп отырған бұл дәріске «Әз-Ұя» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры педагог-психолог Боранбек Алтынбек Срайылұлы арнайы шақырылып, «Кәсіби қызметтегі психологиялық тұрақтылықты дамыту» тақырыбында семинар-сабақ өткізді.

Семинар сабақ Жүсіп Баласағұнның «Дұрыс басқару» БАСқару ғылымын меңгермей болмайды деген сөздермен басталды. Ситуациялық көшбасшылық, маманның даму деңгейі, саналық деген не?, өзгеріс қисығы, өзгеріс көшбасшылығы, тындау қамқорлықтың алғышарты сөздерінің мағынасын адамзат, яғни қызметкерлердің бойындағы қабілеттерді психологиялық және қарапайым түрде түсіндіре отырып, ситуация кезеңінде өзгерістерді сипаттап, шығу жолдарын көрсетті.

Қызметкердің кәсіби дамуына, отбасылық өмірдегі киыншылықтарды еңсеруіне, бала тәрбиесіне, жалпы қарым-қатынастағы кемшіліктерді көрсете отырып, әлемдік зерттеу нәтижелерімен бағыт-бағдар ұсынды. Полицейлердің ой-өрісін дамытып, жан-жақты жетілуіне көмектескен бұл шара жеке құрам қызметкерлерінің көңілінен шықты. Алдағы уақытта осындай дәрістерді жиі өткізіп тұруды қолға алуды ұсынған тәртіп сақшылары өздерінің осы бағыт бойынша пікірлерін ортаға салды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысы ауыл шаруашылығы саласы бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде

Алматы облысы Ұйғыр ауданы ауылшаруашылыққа бейім өңір болғандықтан бау-бақша баптау, төрт түлік малды кәсіп ету, егістік жерлер мен суармалы...