Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
-2.7 C
Shymkent

Түркістан облысындағы мопедтерді тіркеу: алғашқы тұрғын құжаттарын рәсімдеді

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында пилоттық жоба аясында Кентау қаласының тұрғыны тіркелген мопедтің алғашқы иесі атанды.

Нақтырақ айтсақ, 47 жастағы әйел облыс орталығындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, тиісті құжаттарды тапсырды.

Ол 2019 жылдан бері жүргізуші куәлігі бар екенін айтып, 2023 жылы шыққан «TANK 400» маркалы мопедін тіркеуге шешім қабылдаған. Қажетті рәсімдерден өткеннен кейін әйел техникалық төлқұжат пен мемлекеттік тіркеу нөмірін алды.

Өз кезегінде Кентау тұрғыны полиция қызметкерлеріне көлік құралын тіркеуге жедел көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

«Бүгін біз облыс бойынша бірінші болып мопедке мемлекеттік нөмір алдық. Полиция мен арнайы ХҚКО қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Барлығына көп рахмет!» – деді мопед иесі.

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопед иелерінің жауапкершілігіне қатысты заңнамадағы түзетулер күшіне енетінін атап өткен жөн.
Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып табылады және заңнаманың барлық талаптарын сақтауға міндетті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Как в Алматы решается вопрос нехватки мест в общежитиях

Алматы — крупнейший студенческий центр Казахстана, где базируются 35 вузов, в которых обучаются около 199 тысяч студентов, из которых...