Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Полиция әріптесіне ерегісіп, көлігін айдап кеткен күдіктіні қолға түсірді

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Келес ауданының полиция қызметкерлері құны 2 миллион теңге тұратын «Audi» маркалы автокөлікті заңсыз айдап кеткен 36 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті мен жәбірленушінің арасында түсінбеушілік орын алған. Содан өш алу мақсатында ол автотұрақта тұрған әріптесінің көлігіг діттеген жеріне айдап кеткен.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ұрланған көлікті Шымкент қаласынан тауып, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда алғаш рет қимыл-тірек жүйесінің сирек кездесетін кемістіктеріне шалдыққан балаларға бірегей оталар жасалды

Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы емдеу процесіне жаңа үрдістерді тұрақты түрде енгізіп отырады. Сөзімізге қазанның 13 мен 16...