Шенді арулар жас түлектерге өмірлік азық болар сыйлық жасады

Танымал

Ел аузында

Бүгін облыс орталығында орналасқан «Абай» атындағы мектепте шенді арулар қонақта болды. Түркістан қаласының тәртіп сақшылары «14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау» күніне орай жоғарғы сынып оқушыларына ерекше сыйлықтар үлестірді. Болашақ түлектерге кәсіптік бағдар, рухани азық болсын деген ниетпен көркем әдебиет, ғылыми танымдық бағыттағы кітаптарды сыйға тартты.
Жалпы іс-шараның мақсаты – бүгінгі ғаламтор дамыған заманда кітап оқудың маңыздылығын арттыру, балаларға білім мен ізденістің құндылығын ұғындыру. Шара барысында оқушылар жаңа кітаптармен танысып, қызықты сұқбат жүргізілді.
Осы ретте полицейлер оқушыларға берілген әрбір кітап олардың білімін кеңейтіп, армандарын ұштауға көмектеседі деп сенеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

B2B Way Club запускает онлайн и офлайн-встречи между казахстанским бизнесом и международными производителями

В рамках подготовки к международной выставке HomeTech & Electra 2026 проект B2B Way Clubразвивает несколько направлений работы, которые помогают казахстанскому бизнесу заранее...