Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0.7 C
Nur-Sultan
4.4 C
Almaty
7.1 C
Shymkent

Полицейлер жас достарына кітап сыйлап, әдеби мұраларды құрметтеуге шақырды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысының тәртіп сақшылары өздерінің қауырт қызметтерінен бөлек әрбір мерекеде игі іс атқаруға тырысады. Мәселен бүгінгі «Халықаралық кітап сыйлау күні» аясында, Арыс ауданының полицейлері Ә.Жанкелдин атындағы мектепке арнайы барды.
Мерекенің қағидасы бойынша оқушыларға «Қазақ ертегілері» кітаптары мен кеңсе заттарын сыйлады. Осы арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға үлес қосты. Жас достарын әдеби мұраларды құрметтеуге, насихаттауға шақырды.
Өз кезегінде полицейлер оқушыларды кітап оқуға ынталандырып, қағаз кітап әрқашан құнды сыйлық болып қала беретінін ұғындырды. Кітаппен достасу – адамды рухани байытып қана қоймай, оның ой- өрісін кеңейтетінін тілге тиек етті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

18 наурыз – «Ұлттық киім күні» №76 бөбекжай балабақша бүлдіршіндері ұлттық киіммен «Қара жорға» биін биледі

2025 жылдың 18 наурызында Қазақстанның 76 балабақшасының бүлдіршіндері Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Бұл күні балалар өздерінің...