Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Чемпион полицейлер 400 оқушыменкездесіп, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісіне үлес қосты

Танымал

Ел аузында

Өсіп келе жатқан ұрпақ бойына патриотизм құндылықтарын сіңіріп, оның жалғасын үзбеу маңызды іс. Осы мақсатта ел алдында жүрген, еңбегі еленген полицейлер Түркістан қаласындағы №32 мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. 400оқушы жиналған кездесуге ағалық ақыл-кеңестерін жеткізу үшін Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Бекзат Хайриев, Перизат Жақыпбекова, АйнұрАқжігітова, Төребек Молдаш, Мұхтар Алиповтар арнайы барды.
Бұл қызметкерлер тек полицей ғана емес, жанына спортты серік етіп, республикалық, әлемдік сайыстарда жүлдегер атанғанчемпиондар. Мәселен жақында ғана Дубайда өткен халықаралық турнирде еліміздің атын шығарып, жүлделі ІІ орын алған ҚР ІІМ-нің «Tomiris» әйелдеркомандасының мүшесі Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкері Айнұр
Ақжігітова. Осы жетістігі үшін Президенттің қолынан марапат алған шендіаруымызға жиналғандар қошемет көрсетті.
Сұрақтарын қойып, ашық сұқбаттасу орнады. Біршама жас буынның көзінде полицей аға-әпкелері секілді Мемлекетбасшысынынан марапат алу, көк туымызды көкте желбірету сынды армандары пайда болды. Өз кезегінде полицейлер жастардыОтанға қызмет етуге, бойларында спортқа деген сүйіспеншілікті оятуға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошло общественное слушание Проектного офиса по строительству студенческих общежитий

20 февраля в Алматы на площадке Палаты предпринимателей "Атамекен" состоялись общественные слушания, посвященные итогам работы Проектного офиса по строительству...