Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы айтты

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі туралы айтты.

«Енді бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты пікірталасқа тоқталайын. Үкімет пен Парламент бұл мәселені талқылады. Арнайы зерттеулер жүргізілді, шешімге күмән келтірген қоғам белсенділерінің қаупі мен күмән-күдігі расталған жоқ.

Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің, сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар, халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс. Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді, логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді. Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын, оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ», – деді Президент Ұлттық құрылтай отырысында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда дербес деректерді қорғаудың конституциялық кепілдіктері талқыланды

20 мамыр күні Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлтты педагогикалық унивенситетінде «Астана» Халықаралық университетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында дербес деректерді...