Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
27.2 C
Almaty
30.4 C
Shymkent

Жастарды дамыту: Алмалы ауданындағы комьюнити орталықта шеберлік сабақтары, тренингтер және кездесулер өтуде

Танымал

Ел аузында

         Алмалы ауданының комьюнити-орталығында жастардың дамуына бағытталған «Жастар кеңесі»  жобасы аясында тұрақты кездесулер өткізіледі. Бұл бастама жастарға жаңа білім алуға, көзқарастарын кеңейтуге және болашақта қажет болатын маңызды дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

         Орталықта шеберлік сабақтары, тренингтер және түрлі сала мамандарымен интерактивті кездесулер ұйымдастырылады. Қатысушылар көшбасшылық қасиеттерін дамытып, шығармашылық ойлауды қалыптастырып, командада жұмыс істеуді үйреніп, заманауи кәсіптерді меңгеруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бұл шаралар жастарға пайдалы таныстық орнатуға, өз идеяларымен бөлісуге және жаңа мүмкіндіктерден шабыт алуға көмектеседі.

         Бұл кездесулерге белсенді қатысып жүрген жастардың бірі – Алишер Сапарбек, ол шеберлік сабақтарынан алған білімін тәжірибеде қолдана бастағанын атап өтті:
«Бұл кездесулер – жастар үшін үлкен мүмкіндік. Мұнда тек оқытып қана қоймай, шабыттандырады, дамуға ынталандырады. Әрбір шеберлік сабағы жаңа білім береді, ал тренерлер әрқашан қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар береді. Осындай құнды алаңды ұйымдастырғандары үшін үлкен алғыс!»

         Алмалы ауданының комьюнити-орталығы жастардың жеке және кәсіби дамуына жағдай жасап, олардың өз әлеуетін ашуына және жетістікке жетуіне көмектесетін маңызды білім беру бастамаларын жалғастыруда.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТЫҢДАДЫ

Бүгін Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатынын жеткізіп,...