Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

13.2 C
Nur-Sultan
27.8 C
Almaty
29.6 C
Shymkent

Полициядағы Абайтану: қызметкерлер Абай мұрасы туралы қалай тереңірек білді

Танымал

Ел аузында

Полиция департаментінің жеке құрамы «Абайтану дәрісіне» қатысып, оның өмір жолы, өнер жолы, шығармашылығы жайлы мағлұматтармен қанықты. Бұл шара ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес «Ұлы ақын, ұстаз, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында ұйымдастырылды.

Мақсат-әрбір қазақ жүрегіне Ұлы Абай шығармашылығын жеткізіп, классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Шара барысында Полиция департаментіне абайтанушы, тіл жанашыры, ұстаз Зульфия Қабылқызы Асембаева арнайы қонаққа келді. Мұғалім сабақ барысында тәртіп сақшыларының бойына Абайдың асыл сөздерін, асқақ поэзиясын, терең философиясын сіңірді. Абай танымындағы «толық адам» ұғымы дәрісі қызметкерлерге рухани азық болды.

Сонымен қатар Ақпараттық саясат бөлімінің қызметкері Абдрахман Қыдырбеков Абайдың композиторлық қырын дәріптеп, домбыра аспабымен «Көзімнің қарасы», «Өлсем орнын қара жер сыз болмай ма» әндерін нақышына келтіре орындады. Жиналғандар іс-шарадан патриоттық рух алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, Абайдың 180 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында полицейлер бұдан кейінде түрлі іс-шараларды жалғастыра бермек.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мировые звезды и казахстанские таланты встретились на одной сцене в Алматы

Алматы на несколько дней превратился в большую музыкальную площадку: с 4 по 7 сентября на Park Live Almaty звучали...