Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4.4 C
Nur-Sultan
12.8 C
Almaty
9.8 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері АҚШ-тан келіп, адасып қалған туристке көмектесті

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында полиция қызметкерлері велошеру кезінде маршруттан адасып қалған АҚШ-тан келген шетелдік туристке көмек көрсетті.
Нақтырақ айтсақ, Леңгір қаласының учаскелік полиция инспекторлары Нұрғиса Оразбаев пен Жандос Молдияр өздерінің қызмет көрсететін аумақтарын аралап жүріп, Төле би көшесінің қиылысында орналасқан дүкенде уайымдап, мазасы қашып тұрған шетел азаматын байқады.
Оның жеке басын анықтап сұрастыру барысында, Уилсон Райан Митчел есімді 41 жастағы турист, АҚШ азаматы екенін және әлемді велосипедпен аралап жүргенін жеткізді.
Шетелдіктің айтуынша, ол Төлеби ауданы арқылы Ташкент қаласы бағытына өтіп бара жатып, навигациялық карта жұмысының бұзылуына байланысты маршруттан адасып қалған. Полиция туристерге Google Maps қолданбасын қайта іске қосуға көмектесті.
Сонымен қатар оған сапарды жалғастыру үшін тамақ пен сусындар ұсынды. Велотуристтің айтуынша, ол Түркия, Греция, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан арқылы Өзбекстанға бет алған. Қазақстан оның саяхат жолындағы 9-шы мемлекет екен.
Өз кезегінде шетелдік полиция қызметкерлерінің көрсеткен көмегі мен қамқорлығы үшін алғысын білдірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметтік іссапармен Түркістан облысында болды

Түркістан облысына келген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков жұмыс сапарын Ұлттық ұланның...