Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

24 C
Nur-Sultan
30 C
Almaty
34.3 C
Shymkent

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – Жастардан үлгілі іс

Танымал

Ел аузында

2025 жылдың 24 сәуір күні – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Қазақстан Адам ресурстары» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен Наурызбай ауданы демалыс орталықтарының оқушылары арасында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акция сәтті өтті.

Аталған шара табиғатты қорғау мен экологиялық тәрбие беруге бағытталған игі бастамалардың жалғасы болып табылады. Жастар қоғамға пайдасын тигізуді мақсат тұтып, өздерінің белсенділігімен және жанашыр әрекеттерімен ерекшеленді.

Акция аясында оқушылар Наурызбай ауданындағы жалғызбасты әжелердің үйлеріне барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, аулаларын ретке келтірді. Бұл — тек физикалық көмек қана емес, үлкенге құрмет көрсетудің, ұрпақтар сабақтастығының және жүректен шыққан ізгіліктің айқын көрінісі. Осындай әрекеттер арқылы жастардың бойындағы тәрбиенің, мейірім мен жанашырлықтың деңгейі байқалды.

Сонымен қатар, жас еріктілер қоғамдық орындар мен көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәдениетті насихаттауға өз үлестерін қосты. Бұл тек қоршаған ортаны қорғау емес, сонымен қатар саналы азамат қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

«Таза Қазақстан» – бұл тазалықтың ғана емес, тәрбиенің де көрінісі. Осындай бастамалар арқылы жастар бойына патриоттық рух, азаматтық белсенділік пен қоршаған ортаға деген жауапкершілік сынды қасиеттер дарытылуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай әлеуметтік жобалар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын таппақ.

🔹 Сонымен қатар, Наурызбай ауданының балалары мен жастары үшін тегін үйірмелерге жазылу мүмкіндігі бар. Шығармашылық, спорт, өнер, тіл үйрену сынды бағыттар бойынша дамуға ниетті тұрғындар төмендегі байланыс нөміріне хабарласа алады:
Тел: +7 707 205 42 45  Айжан И., жобаның үйлестірушісі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Раушан ШӘМІЛ, ҚР ҰЛТТЫҚ  ТУРИЗМ  ИНДУСТРИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ӨТЕ НАШАР

 – Раушан  Шәмілқызы, соңғы кезде  қытайлық туристердің  Қазақстанға, оның ішінде Жаркентке деген қызығушылығы күрт өскені байқалады. Бұл неге байланысты? – Оның негізгі екі себебі...