Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
26 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Әрбір адам маңызды: Алматыда жастарға арналған инклюзивті коммуникация семинары өтті

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласында жастар Комьюнити орталықтарының жетекшілері мен үйлестірушілеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Аталған шара «Әрбір адам маңызды» жобасының аясында өтті және оның басты мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жастармен тиімді, құрметке негізделген әрі қолжетімді қарым-қатынас орнату жолдарын үйрету болды.

Семинар барысында қатысушылар жастармен инклюзивті тілдесу мәдениетін қалыптастыру, оларды қоғам өміріне тарту, сондай-ақ ашық әрі қауіпсіз диалог құруға арналған тәсілдермен танысты. Оқыту барысында қабылдау ерекшеліктері, коммуникациялық кедергілер және оларды еңсеру жолдары бойынша теориялық әрі практикалық мәліметтер ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл семинар — инклюзивті қоғам қалыптастыру жолындағы нақты қадам. «Қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жастардың қабылдау ерекшеліктерін, қарым-қатынастағы тосқауылдарды тереңірек түсініп, нақты жағдайларда қолдануға болатын құралдармен танысты. Бұл білімдер олардың күнделікті жұмысына оң әсер етеді деп сенеміз», — деді жоба үйлестірушілері.

«Әрбір адам маңызды» жобасы — әрбір жас өз құндылығын сезініп, ойын еркін жеткізе алатын, тыңдалуға мүмкіндігі бар ортаны қалыптастыруға бағытталған бастама. Жоба аясында инклюзивті бағыттағы түрлі семинарлар, тренингтер мен қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұл – жастар арасында тең мүмкіндіктерді ілгерілетуге және әр адамның үнін естуге бағытталған маңызды қадам.

Жоба қатысушылары да семинардан мол әсер алғандарын айтып, алған білімдері мен тәжірибелерін алдағы уақытта жастармен жұмыс істеу барысында пайдалануға дайын екендіктерін жеткізді.

Айта кетейік, мұндай оқыту семинарлары еліміздің басқа өңірлерінде де ұйымдастырылып, жастар саясатында инклюзивтілік қағидаттарын ілгерілетуге серпін бермек.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...