Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
26 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Абай университетінде ашық есік күні өтті

Танымал

Ел аузында

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Бір ғасырлық тарихы бар қара шаңырақ – еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны ретінде мыңдаған білікті ұстаздарды дайындап, қазақ елінің ағарту саласына орасан үлес қосып келеді.

Ашық есік күнінің ресми бөлігінде Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары – 140 балл жинаған Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Толқын» орта мектебінің түлегі Қуандық Санжар Ғалымжанұлы арнайы марапатталып, естелік сыйға ие болды.
Шара аясында университеттің Сән және дизайн кафедрасының студенттері дайындаған сән үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, Алматы облысы Білім басқармасының өкілі Иманхатова Гульжихан түлектерге құттықтау сөз арнады.
Ашық есік күні барысында факультеттер жәрмеңкесі өткізіліп, 15 жылдық тәжірибесі бар педагог-профориентолог Омарбек Көшкімбайұлы «Мамандықты дұрыс таңдау мен грантқа түсу жолдары» тақырыбында дәріс оқыды.


Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментінің директоры Алмас Әбдіманапұлы Найманбаев «Қазіргі таңда оқу ордамызда тоғыз факультет бар. Олар Сорбонна-Қазақстан институты, Математика, физика және информатика факультеті, Педагогика және психология факультеті, Жаратылыстану және география факультеті, Филология факультеті, Тарих және құқық факультеті, Өнер факультеті, Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті және Астана білім беру кафедрасы. Олардың әрқайсысы заманауи, сапалы маман дайындау үшін уақыт сұранысына сай бейімделген. Бүгінгі ашық есік күніне Алматы қаласы мен Алматы және Жетісу облыстарынан жалпы саны 500-ге жуық оқушы келіп қатысты» – дейді.


Шара концерттік бағдарламамен және викториналық сұрақтармен жалғасты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әрбір адам маңызды: Алматыда жастарға арналған инклюзивті коммуникация семинары өтті

Алматы қаласында жастар Комьюнити орталықтарының жетекшілері мен үйлестірушілеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Аталған шара «Әрбір адам маңызды» жобасының аясында...