Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Қазақстандағы жедел жәрдем дәрігерлері үйге кірер кезде бахила киюі қажет пе?

"Жедел жәрдемді шақырдық. Келген дәрігер лас аяқ киімімен кіріп, науқасқа қарай бара жатыр. Бахила да кимейді, аяқ киімін де шешпейді, бұл соншалықты қиын ба? Біз сатып алған бахиланы оған ұсынамыз, бірақ ол бас тартады", - деп қазақстандықтар тарапынан осындай шағымдар көптеп айтылуда.

Танымал

Ел аузында

Алматы қалалық жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірде-бір нормативтік құқықтық актісі жедел жәрдем қызметкерлерін бахила киюге міндеттемеген. 

Бахиланы киіп және шешу – бұл төтенше жағдайда қымбат саналатын уақытты бөгейтіні аталып өтілген.

Бұдан бөлек, бахила киген дәрігердің тайып құлап, жарақат алу қаупі де баса айтылған.

Сол себепті, гигиенаға қатты алаңдайтын үй иелеріне жәрдем шақырған кезде кілемдерді алып, еденді қағазбен жауып қоюға кеңес береді.

Жедел жәрдем қызметі сондай-ақ медициналық қызметкердің кәсіби қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...