«Dinamo Wolves Fighting Team» демалыс орталығының тәрбиеленушілері қоян-қолтық ұрыстан әлем және Азия біріншілігінде жүлдегер атанды

Танымал

Ел аузында

Қырғызстанның Бішкек қаласында «Газпром детям» спорт кешенінде қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты және Азия біріншілігі өтті. Аталған жарысқа 28 елден келген мықты спортшылар қатысып, турнир жоғары деңгейдегі бәсекеге толы болды.

Алматы қаласы Алмалы ауданының «Dinamo Wolves Fighting Team» демалыс орталығының тәрбиеленушілері,  Гүле-Бено Мусаеваның жетекшілігімен байрақты бәсекеде үздік нәтижелер көрсетіп, өз салмақ дәрежелерінде жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс нәтижелері:

  • Қабдолманат Інкәр — 1 орын,
  • Евдокимов Захар — 3 орын
  • Русланқызы Аруна — 3 орын
  • Баймұхамбетова Эльвира — 3 орын
  • Фролова Анастасия — 3 орын,

Алматылық жас спортшылардың бұл жоғары деңгейдегі жарыстағы жетістігі — олардың табандылығының, тәртібінің және кәсіби дайындықтарының айқын дәлелі.

Айта кетейік, демалыс орталықтарының жұмысы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады. Қаладағы демалыс орталықтарында көрсетілетін барлық қызметтер тегін, бұл жастарға спортпен айналысуға, өз қабілеттерін дамытуға және жан-жақты қалыптасуға тең мүмкіндік береді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в эксплуатацию новая поликлиника, рассчитанная на приём 250 посещений в смену....