Қырғызстанның Бішкек қаласында «Газпром детям» спорт кешенінде қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты және Азия біріншілігі өтті. Аталған жарысқа 28 елден келген мықты спортшылар қатысып, турнир жоғары деңгейдегі бәсекеге толы болды.
Алматы қаласы Алмалы ауданының «Dinamo Wolves Fighting Team» демалыс орталығының тәрбиеленушілері, Гүле-Бено Мусаеваның жетекшілігімен байрақты бәсекеде үздік нәтижелер көрсетіп, өз салмақ дәрежелерінде жүлделі орындарға ие болды.
Жарыс нәтижелері:
- Қабдолманат Інкәр — 1 орын,
- Евдокимов Захар — 3 орын
- Русланқызы Аруна — 3 орын
- Баймұхамбетова Эльвира — 3 орын
- Фролова Анастасия — 3 орын,
Алматылық жас спортшылардың бұл жоғары деңгейдегі жарыстағы жетістігі — олардың табандылығының, тәртібінің және кәсіби дайындықтарының айқын дәлелі.
Айта кетейік, демалыс орталықтарының жұмысы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады. Қаладағы демалыс орталықтарында көрсетілетін барлық қызметтер тегін, бұл жастарға спортпен айналысуға, өз қабілеттерін дамытуға және жан-жақты қалыптасуға тең мүмкіндік береді.