Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Ақтаудағы жойқын жарылыс: Дәмхана иесі пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

7 қараша күні кешке күшті жарылыс болған Ақтаудағы «Шерқала» кешенінде орналасқан «Аянат» дәмханасының қожайыны оқиға кезінде оның мекемесінде ешкім болмағанын айтты. Ол есікті жауып, отбасымен бірге кетіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпкердің сөзін Instagram парақшасында қалалық әкімдік жариялады. Ер адамның айтуынша, оның мекемесі отбасылық мердігерлік принцип бойынша жұмыс істейді.

«Дәмханада адам қалған жоқ. Мен сағат 19:30-дың шамасында бала-шағамды алып, шығып кеткенмін. Өзім жауып, құлыптап кеттім. Арғы жағында тағы ас үй бар. Олардың жағдайын білмеймін. Екінші қабатта тігін цехы бар. Оларға да мен жауап бере алмаймын. Кім болғанын білмеймін», – дейді Абай Әміреев.

«Шерқала» кешенінің иесі Жәнібек Әжмұханов та жарылыс кезінде ғимаратта ешкім болмады деп мәлімдеді.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, екі қабатты «Шерқала» кешенінің ішінде киім-кешек дүкені, автобөлшектер, мейрамхана, монша, қоймалар сияқты нысандар бар. 

Төтенше жағдай болған аумаққа Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев та барған. Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшыларымен жедел кеңес өткізген. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, жарылыс салдарынан 11 көлік зақымданған. Жол полицейлері эвакуатор арқылы үш көлікті эвакуациялады. Қалған сегіз көліктің иелерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. 

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда жарылыс «Аянат» асханасының өзінде емес, алдын ала ақпаратқа сәйкес, самса мен палау сататын жерде болған.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров жарылыстың алдын ала себебі ретінде газ-ауа қоспасының ағып кетуін айтты. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...