Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-22 C
Nur-Sultan
-10.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

«SkinCare» мастер-класс

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласында орналасқан Жетісу комьюнити орталығында, Боткин көшесі, 18/1 мекенжайында косметолог Темірбаева Қарлығаштың қатысуымен бет терісіне күтім жасау бойынша шеберлік сабағы өтті. Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – әйелдер қауымын күнделікті тері күтімінің дұрыс әдістерімен таныстырып, кәсіби кеңес беру болды.

Шара барысында қатысушылар:

– Тері күтімінің негізгі қадамдарын;

– Әртүрлі тері түрлеріне арналған өнімдерді дұрыс таңдауды;

– Косметологтың практикалық ұсыныстары мен жеке кеңестерін

үйренуге мүмкіндік алды.

Темірбаева Қарлығаш – тәжірибелі маман ретінде қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз тәжірибесінен пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Іс-шара жылы әрі сенімді атмосферада өтіп, қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Олар бұл шеберлік сабағынан алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дайын екендіктерін жеткізді.

Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, болашақта да осындай пайдалы кездесулердің жиі өткізілуін тіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждая спасённая жизнь — результат системной работы

О текущей ситуации с суицидами в регионе, тревожных сигналах, на которые важно обращать внимание, и масштабной профилактической работе рассказал...