Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.7 C
Nur-Sultan
24.8 C
Almaty
24.6 C
Shymkent

Түркістанда халықаралық конференция өтті: Ұлы Жібек жолының жаңа қырлары талқыланды

Танымал

Ел аузында

Түркі әлемінің рухани астанасында «Еуразия жүрегіне саяхат» экспедициясы аясында «Ұлы Жібек жолы: Тарихты тоғыстырған мекен» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Жиынға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен танымал тарихшылар мен мәдениеттанушылар жиналды.

Ауқымды шара барысында Түркістан қаласының тарихи орны ретінде маңызы, сондай-ақ оның өркениетаралық байланысты нығайтудағы рөлі кеңінен сөз болды. Конференция жұмысына қатысқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері де мазмұнды баяндамалар жасады.

Тарих ғылымдарының докторы Мұхтар Қожа «Түркістан – Қазақ хандығының астанасы», жас зерттеушілер Шыңғыс Жүнісбаев «Қ.А. Ясауи кесенесі функциясы: тарихтан бүгінге дейін», Айжан Сандыбаева «Күлтөбе – өркениет пен руханияттың тоғысқан тұғыры», Ағаділ Тұрсынов «Ұлы Жібек жолындағы Сауран: тарихи кешеннің мәдени-туристік әлеуеті» тақырыбында тың деректермен бөлісті.

Конференция мақсаты Түркістан өңірінің археологиялық, этнографиялық және тарихи мұрасын халықаралық деңгейде таныстыру, сондай-ақ ғылым мен туризм саласы өкілдері арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

Іс-шара барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихи қызметі, Күлтөбе мен Отырар алқабындағы археологиялық жаңалықтар, Ұлы Жібек жолының мәдениетке әсері және этнографиялық зерттеулердің бүгінгі келбеті сынды тақырыптар кеңінен талқыланды. Сарапшылар мәдени мұраны сақтау және оны болашақ ұрпаққа жеткізу жолдарын да ортаға салды.

         Конференция барысында айтылған ғылыми ойлар мен ұсыныстар Түркістан өңірінің тарихи мұрасын сақтап, туризммен тиімді ұштастыру жолында маңызды бағдар болмақ. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ежелгі қалалар мен ескерткіштерді зерттеу тек өткенге тағзым емес, болашаққа бағытталған рухани инвестиция екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Әлия БІЛДЕБЕКОВА, Түркістан қаласы

Әзірет-Сұлтан Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану орталығының аға ғылыми қызметкері

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...