Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды

Танымал

Ел аузында

2025 жылғы 13 тамызда «Жерұйық» саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, республикалық «Жомарт Жан» орталығының басшысы Евгений Больгерт, елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қоғамдық белсенділер қатысты.

Алаң Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен және оның 30 жылдығына орай 2025 жылғы 1 мамырда өткен «Бірлік жүгірісі» қайырымдылық марафоны кезінде жиналған қаражатқа салынды. Жоба ҚХА-ның «Жеңіс – бірлікте» спорттық платформасы аясында жүзеге асырылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жалпыұлттық қозғалыстың маңызды бөлігіне айналды.

Астанадағы алғашқы спорт алаңының ашылуы Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын ізгі дәстүрдің бастауына айналды. Бұл жоба шынайы маңызды өзгерістердің ынтымақ пен бірлескен күш-жігерден басталатынын дәлелдеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Достық үйі – игілікті істердің ұйытқысы

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел бірлігінің, татулық пен өзара сыйластықтың айнымас кепілі. Мемлекетіміздің басты құндылығы – қоғамдық келісім...