Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
20.1 C
Almaty
26.3 C
Shymkent

Qaitadan – апат жанрындағы тұңғыш отандық фильм

Танымал

Ел аузында

4 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Dala Cinema» киностудиясы ұсынған әлеуметтік-драма жанрындағы Qaitadan фильмі жарыққа шықты. Бұл фильм көрерменге Голливудтық «уақыт ілмегі» (day loop) мотивін қазақы болмыс және өзекті әлеуметтік мәселелермен сәтті үйлестірген бірегей туынды.

Фильмнің оқиғасы ауыл төңірегіндегі дамбының жарылуына байланысты өрбиді. Дамбыдағы үлкен сызат – бүкіл қазақ қоғамына арналған символдық ескерту іспеттес. Ол кез келген ұсақ-түйектің қауіпсіздік пен жауапкершілік тұрғысынан маңызды екенін жеткізеді. «Қайтадан» туындысы – қоғамды төтенше жағдайларғанемқұрайлы қарамауға, ескерту сигналдарына дер кезінде үн қатып, бірлікпен әрекет етуге шақырады. Баскейіпкер – қала баласы Рауан. Ол ҰБТ-дан сүрінген соң, ата-ананасы сабақ болсын деп шалғайдағы ауылға апарып тастайды. Бірақ тағдыр оны күтпеген сынаққа салады: Рауан бір күннің тұзағына қалады. Әр күннің соңында дамбы қирап, апат болады. Кейіпкер уақыт ілмегінен шығу үшін тек өзін ғана емес, бүкіл ауылды құтқаруы керек екенін түсінеді.

«Фильмнің идеясы маған 2020 жылы келді. Сол жылы Алматы облысындағы Күрті ауылында бір түсірілімде жүргенбіз. Сол ауылдың шетінде үлкен дамбыны көріп, «егер жарылып кетер болса, ауылдың түгі қалмайды ғой» деген ой келді. Ақыры осы идеяны дамыта келе, «Қайтаданның» сценарийін жазып шықтық», – дейді фильм режиссері және сценарий авторы Думан Еркімбек. 

Оның айтуынша, фильмде адамдардың басына түскен сынақ, тығырықтан шығу кезіндегі әрекеттер, ой салатын идея бар. Көркем туындыда осындай айтпай келетін апаттардың алдын алу, оқиғаны болдырмау, себебі мен салдары сынды бағыттар қамтылған.

«Апат айтып келмейді. Осы фильм арқылы қандай да бір тосын жағдай болса, еліміздің әрбір азаматы қалай әрекет ету керегін көрсетуге тырыстық. Жалпақ тілмен айтар болсақ, бұл – есею туралы фильм. Фильм үшін жай ғана декорация емес, толыққанды ауыл тұрғызылды. Оған қоюшы суретшілеріміз бас-аяғы 3 ай уақыт жоғалтты. Осы арқылы біздің мамандардың ауқымды ғана емес, өте креативті декорацияларды да жасай алатын дәлелдедік деп ойлаймын. 300-ден астам массовка, ондаған дрон, екі үлкен түсірілім тобы қатысқан эвакуация мен дамбының жарылу сахналарын түсіру қиынға соқты. Жалпы, өте масштабты, техникалық тұрғыдан қиын жоба болғандықтан, әрбір түсірілім күні сынаққа толы болды. Әлбетте, бұл жұмыстарды атқару оңай болған жоқ. Дегенмен жұмыс тобының жобаға деген сенімі мен ауызбіршілігінің арқасында бәрін өткердік. Ең бастысы – көрерменге сапалы, ой саларлық терең туынды ұсынғымыз келді. Қалғанын халық бағалайды», – деп қорытындылады фильмнің бас продюсері Жалын Тілеуберген. 

Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілді. Бас рөлдерде отандық жас актерлер Жасұлан Көпберген, Ермек Шынболатов және Шұғыла Ешенова түскен. Екінші планда Алмат Сақатовты, Ержан Нұрымбетовты және Әшім Ахметовты көруге болады. 

«Қайтадан» – тек уақыт ілмегінің символы ғана емес, өз болашағы мен қоғам игілігі үшін күрес жолын қайта ойлануға шақыратын фильм.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі» республикалық конференциясы өтті

2025 жылғы 5 қыркүйекте Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Назарбаев университетінде Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы...