1 қазан – Қарттар күніне орай КМҚК 76 «Бөбекжай-балабақшасында» тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні балабақшамызға аяулы әже мен ардақты ата қонақ болып келді.

Салтанатты жиында ата-әжеміз ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, балаларға үлгі-өнеге көрсетті. Әже жүн түтіп, ұршық иіріп, диірмен тартып,қазақы қолөнердің қыр-сырын таныстырды. Ата қамшы өріп«Қарттар күні – құрмет пен тағылым күні»ұлттық тұрмыс-тіршіліктің мән-мағынасын түсіндірді.

Сонымен қатар, балаларға арнап халық ертегілерін оқып беріп, дана сөздерімен, өнегелі әңгімелерімен жас ұрпаққа ақыл-кеңестерін жеткізді. Іс-шара соңында ата ақ бата беріп, жас бүлдіршіндерге ақ жол тіледі.
Бұл мерекелік кездесу балалардың үлкендерді құрметтеу, салт-дәстүрді қадірлеу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне үлкен ықпал етті.

Қарттарымыздың жүрекжарды батасы мен ыстық ықыласы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, тәлімді тәрбие берді.