Полицейлер «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында тұрғын үйлер тексерілуде

Танымал

Ел аузында

Кентау қаласы аумағында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шара барысында 8000-ға жуық жер үй мен көпқабатты үйлерге тексеру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қару иелерін тексеріп, олардың қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылды.
Аталған іс-шара барысында Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, халық арасында өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы 79 үй тұрғынына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ пробация бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, пробация есебінде тұратын 51 тұлғамен сұхбаттасу жұмыстары атқарылды.
Кентау қаласы жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен қоғамдық көмекшілері бірлесіп, интернет алаяқтық қылмысының алдын алу мақсатында халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған...