Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Жануарлар құқығын қорғаудағы жаңа қадамдар

Танымал

Ел аузында

Ит пен мысық сияқты үй жануарлары мен қар барысы, ақбөкен, тасбақа сынды әртүрлі жабайы жануарлардың құқықтарын қорғау мәселелері мемлекеттік деңгейге жолға қойылған. Зооқорғаушылар саны артып, осы оларды қорғайтын әртүрлі топтар, еріктілер, ұйымдар құрылып, қаржылық қолдау көрсетілуде, әрқилы іс-шаралар өткізілуде.

Ал ауыл халқының күнкөріс/табысына айналған төрт түлігіміз – ауыл шаруашылығы жануарларына жауапкершілікпен қарау, күнделікті өнімін тұтынып отырған малдың құқын қорғау, ешкімнің назарында жоқ. Ауылшаруашылық жануарларына қатысты жауапсыздық пен қатыгездікке қарсы күресетін жекелеген адамдар, қоғамдық ұйымдар жоққа тән. Бірақ соған қарамастан баршамыз гуманизм принциптерімен реттелген, экологиялық таза өнім тұтынғымыз келеді.

Ауылшаруашылық жануарларының қатыгездікке ұшырауының негізгі себептері:

  • Ескірген әдет-ғұрыптар, тозған дәстүрлер, қисынсыз мифтер;
  • Көптеген мал иелерендегі заманауи білімнің жеткіліксіздігі;
  • Жануарларды ұстау заңдары мен ережелерін сақтамау;
  • Жануарларды ұстау мәдениетінің төмендігі, олардың қажеттіліктері туралы ақпараттың жетіспеушілігі.

Бұл күрделі жағдайды өзгерту үшін, мемелкет тарапынан да, жекелеген ұйымдар мен адамдар тарапынан да жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек. Осы мақсатында «Exclusive fund» жеке қоры«Жануарларға көмектесе отырып, біз адамдарға көмектесеміз» атта гранттық жобаны жүзеге асыруда. Жоба, жануарларға жауапкершілікпен қарауға шақыратын инновациялық кейстерді насихаттау арқылы, ауыл халқының тұрмысын жеңілдетуге бағытталған

Яғни ауыл тұрғындарының түрмысын жеңілдететін жаңа агротехнологияларды, жергілікті және шетелдік жаңалықтарды кеңінен насихаттайды.

  • Дәстүрді, ұлттық құндылықты бұзбайтын радикалды емес, балаламалы өзгерістерді ұстанады.
  • Күнделікті өміріндегі ескі әдеттерді инновациялық әдістермен алмастыруды ұсынады.
  • Жануарлардың жайлы өмір сүруіне мүмкіндік беретін экологиялық таза, қолайлы, тиімді әдістерге көшуге үздік тәжірибелерді пайдалануға шақырады;
  • Жануарларды қорғау шараларына волонтерлерді көптеп тартуды, ел арасында эко дағдыларды қалыптастырға жұмыс істейді.

Бұл бастама/жоба «Kazakhstan for Animals» жобасының «Зооволонтерлікті дамыту» басым бағыты бойынша шағын гранттар конкурсы аясында жүзеге асырылуда. Ұйымдастырушы – Ұлттық волонтерлік желі @qazvolunteer.kz. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің @madeniet_aqparat_ministrligi мемлекеттік гранты аясында қаржылық қолдауымен іске асырылуда. Грант операторы – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы @cisc_official.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...