Жылысай ауылдық мәдениет үйі ғимаратының салтанатты ашылуы өтті

Танымал

Ел аузында

Маңызды шараға Алматы облысы мәслихатының төрағасы Байғожаев Қуат Сұлтанұлы, аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, Кеген аудандық мәслихат төрағасы Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы, қоғам қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы қоғам қайраткері Данышпанов Бексырға, сондай-ақ ауыл әкімдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.

Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдардың төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, еңбек ардагерлері, мәдениет саласының майталмандары салтанаттың куәсі болды.

Бұл мәдениет үйі — ауыл руханиятының жаңа ордасы, өнер мен шығармашылықты өркендететін, жас ұрпақтың талантына жол ашатын маңызды нысан. Жаңа ғимарат ел игілігіне қызмет етіп, ауыл өміріне серпін беріп, мәдени шаралардың алтын ұясына айналатынына сенім мол.

Ашылу салтанаты ел бірлігін, ортақ мақсат жолындағы ынтымақты айқындай түсті. Жылысай ауылы үшін бұл күн — тарихта қалатын қуанышты сәт, мәдени дамудың жаңа белесі болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...