Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
-2.7 C
Shymkent

«Бүгінгі күні біздің партиямыздың 110 мың мүшесі бар» – Азаматхан Әміртай

Танымал

Ел аузында

Астанада «Байтақ» жасылдар партиясының Республикалық IV Съезі өтіп жатыр. Жиында сөз алған партияның төрғасы Азаматхан Әміртай маңызды мәлімдемелер жасады, деп жазады Todayinfo ақпараттық  агенттігі. 

Ол маңызды мәселелерді көтере келе, Президент өзінің Жолдауында Қазақстанды жасыл елге айналдыру жайлы айтқанын, енді соны орындау партияның басты жұмысы екенін айтты.

«Президент халыққа Жолдауы кезінде: Біз жасыл ел боламыз» деді. Ол бізге берілген сигнал. Біз халықтың арасында жүріп елді экологиялық мәдениетке тәрбиелеуіміз керек. Біздің бағытымыз айқын, енді тек сол мақсатта жұмыс жүргізе беруіміз керек, құрметті делегаттар! 2022 жылы 28 қарашадам без мемлекеттік тіркеуден өттік. Осы 3 жылдың ішінде көптеген жұмыстар атқарылды. 17 облыс, республикалық маңызы бар 3 қалада, 198 ауданның, 150 ауданында филиалдар мен бөлімшелер ашылды. Бүгінгі күні біздің партиямыздың 110 мың мүшесі бар», — деді партия төрағасы Азаматхан Әміртай.  

Съезд барысында Партияның 2026 жылғы күрделі саяси маусымға арналған жұмыс жоспарлары таныстырылып, еліміздің экологиялық саясатына қатысты жаңа ірі бастамалар талқыланады, сондай-ақ партия дамуының стратегиялық бағыттары ұсынылады.

Партияның 110 мың мүшесінің атынан қатысатын Съезд делегаттары белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті Нобель бейбітшілік премиясына ұсынуды қолдау туралы резолюция қабылдады.

«Бүгінгі күні біз экологиялық жасыл экономиканы дамытуда көптеген істер атқардық. Сондай-ақ, экология салығын көтеру мақсатында, жерасты қойнауын пайдаланып отырған мекемелермен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі уақытта біздің арамызда мықты экологтар бар, сонымен қатар партиямыздың орталық аппаратында жасыл саясат орталығын құрдық. Онда Қазақстанның ең мықты экологтары жұмыс істеп жатыр. Біздің мемлекетпен және бизнеспен айналысатын алаңымыз бар. Ол қоғамдық тыңдау. Осы күнге дейін 600-ге жуық қоғамдық тыңдауға қатыстық. 600-ге жуық экологиялық бағдарламаларды қарадық. Олардың кемшіліктері мен сындарын түзеттік. Сонымен қатар қоғамдық бақылау заңы бойынша экологиялық комиссия құрып, Алматыдағы химиялық өңдеуді биологиялық өңдеуге ауыстырдық», — деді «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы.  

Партия 2026 жылы елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақты даму саясатын іске асыру мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрі мен Су ресурстары және ирригация министрі портфельдері үшін күресуді жоспарлап отыр. Партия ірі қалалардағы, әсіресе Астана мен Алматыдағы жол қозғалысы мәселелерін және өнеркәсіптік орталықтардағы атмосфераның апатты ластануын шешуге бағытталған нақты ұсыныстарын жариялады.

«Саяси бағыттардың халыққа үгіт-насихат жүргізу мақсатында ел аумағында 350-дей шара өткіздік. Сондай-ақ, қазіргі таңда да көптеген ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Партиямыздың жанынан әйелдер қауымдастығын аштық. Бүгінгі таңда әйелдер арасынан жасыл көшбасшыны анықтап жатырмыз. Біз көшбасшы қыздарымызды мәслихат, мәжіліс депутаты қыламыз. Сонымен қатар партиямыздың жанынан жастар қанатын құрдық. Бүгінгі күні елді ойлайтын, патирот жастарды партиямызға тартып жатырмыз. Олардың арасынан да көшбасшыларды анықтайтын боламызСондай-ақ, қазіргі таңда да көптеген ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Партиямыздың жанынан әйелдер қауымдастығын аштық. Бүгінгі таңда әйелдер арасынан жасыл көшбасшыны анықтап жатырмыз. Біз көшбасшы қыздарымызды мәслихат, мәжіліс депутаты қыламыз. Сонымен қатар партиямыздың жанынан жастар қанатын құрдық. Бүгінгі күні елді ойлайтын, патирот жастарды партиямызға тартып жатырмыз. Олардың арасынан да кқшбасшыларды анықтайтын боламыз», — деді партияның жетекшісі.  

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Республикалық IV Съезіне депутаттар, қоғам белсенділері, өңірлерден келген жүздеген өкілдері мен белсенді жастар қатысып жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кандидатуру Олжаса Сулейменова на Нобелевскую премию мира поддержат другие страны

«Зеленые» партии нескольких стран уже поддержали инициативу партии Baytaq выдвинуть казахстанского писателя и общественного деятеля Олжаса Сулейменова на Нобелевскую премию мира. Baytaq Председатель...