Кісілік пен кішілік – ұлылықтың белгісі

Танымал

Ел аузында

Махмұд Қашқари айтқандай «Кісілік пен кішілік – ұлылықтың белгісі». Бұл тағылымды сөзді судьялармен қатар сот қызметкерлері де қаперінен шығармағаны жөн. 

Сот қызметкерлерінің этикалық қағидаларында кәсіби қызмет барысында және қызметтен тыс уақытта сақталуы тиіс моральдық-құқықтық нормалар жнақталған. Мұндағы бірнеше қағидатқа ерекше тоқталған жөн. Яғни, сот қызметкерлері жұмыс барысында сақтауы тиіс бірінші қағида – заңдылық. Өз қызметін тек заң талаптарына сәйкес жүзеге асырған, заң үстемдігін қамтамасыз етіп, кез келген заң бұзушылықтан аулақ болғанда ғана сот қызметкерлері өзіне жүктелген межеден табылады.

 Екінші қағида – адалдық пен әділдік. Өзіне жүктелген қызметті адал орындап, әділдіктіктен айнымаған сот қызметкерлері саланың беделін көтереді. Үшінші қағида – бейтараптық. Тараптарға тең қарап, әр адамға жіті көңіл бөлген, әр сауалды зейін қойып тыңдаған сот қызметкеріне халық сенім артады. Ал сенім – сот имиджінің көрсеткіші. Төртінші қағида – сыпайылық және әдептілік. Сотқа келген тараптардың ашулануы, көңіл-күйдің жетегімен кетуі, артық сөздер айтуы қалыпты жағдай. Сот қызметкері соның бәріне түсіністікпен қарап, өзі азаматтарды мұқият тыңдап, сыйлау арқылы өзін де сыйлата білуі, тыңдата алуы тиіс. Бесінші қағида – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық. Қызметкерлер пара алу, заңсыз сыйақы немесе артықшылықтардан толықтай бас тартуы тиіс. Мұндай теріс әрекет бүкіл құрылымның бет-бейнесіне дақ түсіреді. Сот қызметкерлері мұнымен қоса құпияны сақтап, сот отырысында өзі куә болған, естіген мәліметтер мен ақпараттарды көпшілікке таратпауы керек. Бұл да кәсіби қызметке адалдың бір белгісі. Сонымен қатар, сот қызметкері өзінің қызметте ғана емес, қызметтен тыс кездегі әрекеті қоғам назарында тұратынын түсінуі керек. Соған орай сот қызметкерлері көпшілік арасында да өзін теріс әрекеттерден шектеуі, сот саласының беделіне нұқсан келтіретін кез келген қадамнан сақ болғаны абзал.

Салтанат Рамазанова,

Алматы облысы

Кеген аудандық сотының судьясы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...