ТҮРКІСТАНДА «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ»: ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР АНЫҚТАЛУДА

Танымал

Ел аузында

Түркістан қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10-12 тамыз аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтап, тиісті шаралар қабылдауда. Атап айтқанда, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған және қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерге қатысты шаралар көріледі.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, көлік басқару кезінде барынша мұқият болу қажеттігін ескертуде.
Жол қауіпсіздігі – әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR представляет HONOR X9e Pro: смартфон, готовый к самым непредсказуемым сценариям

Повышенная прочность, аккумулятор 11 000 мА·ч, AI-функции для детализированной съёмки и дисплей с пиковой яркостью до 10 000 нит...