Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

«Ресей нөмірлі көліктер Қазақстан аумағында заңсыз жүр» – Бас прокуратура

Танымал

Ел аузында

Арасында қылмысқа қатыстысы, тіркелмегені, ұрланғаны дейсіз бе – бәрі бар. Оларға нөмір таға салған да жүре берген.

Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ресейлік нөмірлі көліктерге қатысты пікір білдірді. «Өз басым мен бұл мәселемен айналыспаймын. Сіздер секілді мен де ол жайлы бұқаралық ақпарат құралдарынан ғана біліп отырмын. Білуімше, ІІМ қазір ол іспен айналысып жатыр. Ең қиыны, бұл жерде көліктерді тіркеуде ғана емес, ол көліктердің бір бөлігінің іздеуде жүргендігінде, тіпті біразы есептен шығарылып, бізге тіркелмеген», – деді Әсет Шындалиев мәжілістің кулуарында.

Бас прокуратураның өкілі бұл көліктер – Қазақстанның көліктері емес екенін ескертті.

«Арасында қылмысқа қатыстысы, тіркелмегені, ұрланғаны дейсіз бе – бәрі бар. Оларға нөмір таға салған да жүре берген. Бұл көліктерді теуіп жүргендер тарапынан – бұл заңсыз. Бәріміз де азаматтармыз. Заңға бағынуымыз керек. Егер заң бойынша көлікті тіркеу бізге міндетті болса, тіркеуіміз керек. Сіздің де, біздің де амандығымыз үшін тәртіп солай болуы тиіс», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR Қазақстанда ИИ-агенті бар әлемдегі алғашқы өзін-өзі дамытатын MagicOS 10 операциялық жүйесін іске қосты

Жасанды интеллектке негізделген құрылғылар экожүйесіндегі жетекші жаһандық бренд HONOR Қазақстанда MagicOS 10 операциялық жүйесінің іске қосылғанын жариялады. Жаңа нұсқа HONOR Magic жәнеHONOR 400 сериялы құрылғыларда қолжетімді, ал алдағы үш ай ішінде жаңартуды басқа модельдер де алады. MagicOS 10 әлемдегі алғашқы ИИ-агенті бар, өзін-өзі дамытуға қабілетті операциялық жүйе, ол адам мен технология арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа дәуірін ашады. Қазақстандағы іске қосуHONOR компаниясының өңірге стратегиялық мән беретінін және озық инновацияларды бүкіл әлем пайдаланушыларына қолжетімді етуге ұмтылысын көрсетеді. MagicOS 10 дәстүрлі операциялық жүйелерден AI OS дәуіріне өту кезеңіндегі нақты қадам, яғни құрылғылар тек құрал емес, адаммен бірге үйреніп, дамитын интеллектуалды көмекшіге айналатын жаңа парадигма. Бұл қадам HONOR-дың жаһандық көзқарасын айқындайды: технологиялар пайдаланушы өміріне табиғи түрде интеграцияланып, жайлылықты, өнімділікті және қауіпсіздікті арттыруы тиіс. HONORкомпаниясының бас...