Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Абай шахтасындағы жарылыс: Есін жиған кеншілер жағдайдың қалай болғанын айтып берді

Танымал

Ел аузында

«АрселорМиттал Теміртауға» қарасты Абай шахтасындағы метан газы атылғаннан кейін жансақтау бөліміне түскен екі кеншінің беті бері қарады. Бір ажалдан аман қалған олар жарылыстың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды “КТК” арнасы.

“Жатқан жерлеріміз бір жарым, екі метр болды, барлығымыз 8 адам, бір- біріміздің артымыздан жаттық. Бір-біріміздің түрімізді көрмедік,  әрқайсымыз өз жұмысымызды істеп жатқанбыз. Тарс ете қалды, сосын түтін басып кетті, бітті. Шамдар сөнді, газдың иісі жоқ. Есімде, бірінші болып құлағам жоқ. Бірінші аяққа сосын бітті. Арғы жағын білмеймін”, – дейді кенші Жеңіс Маралбаев.

Элайдын Зейналов пен Жеңіс Маралбаевтың жансақтау бөлімінен шыққанына екінші күн. Есін жиып алған соң, алты әріптесінен  айырылғандарын естігенде қатты қайғырған. Ал өздерін құдай сақтапты. Ресми мәліметте бұл екеуі марқұмдардан алшақта болғаны айтылған. 

Алайда қазір ем-дом алып жатқан кеншілер жұмысқа жарамдылығы жөнінде медициналық комиссиядан өтеді. Жарамды деп танылсақ, тіршілік қамымен шахтаға қайта түсуден өзге амал жоқ дейді.

7 қарашада таңғы сағат 8 жарымда Абай атындағы шахтада метан газы жарылған. Жер астында жүрген 64 кеншінің 56-сы қашып шықса, апат ошағында болған 8 кеншінің алтауы өлі табылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...