Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

«Қоқыс сорттау» деген сабақты енгізсе болмай ма осы?

Танымал

Ел аузында

Аймағамбетовке бір ұсыныс! Мектептегі «Өзін-өзі тану», «Дүниетану» дейтін лақпа пәндерді сылып алып тастап, орнына «Қоқыс сорттау» деген сабақты енгізсе болмай ма осы? Аға буынды былай қойғанда, отызды орталап қалған біздің буынның өзі қоқысты сұрыптауға болатынын, дамыған елдердің дерлігінде қоқыс сорттау дәрет алу секілді санаға сіңісті, дағдылы дүние екенін білмей өсті. Баланың экологиялық сауатын арттыру осындай қарапайым қадамнан басталады. Рухани кемелділіктің өзі тазалықтан басталады, түптеп келгенде. Мәселен біз тұратын «Зерделі» ауданында қоқыс төгетін бөшкелердің өзі бос, маңайы ішінде не жоқтың бәрі кездесетін «Магнумнің» пакетіне бөгіп жатады. Түнде тау боп үйіліп жатқан әлгі дорбаларды ит-құс ақтарып, жын-шайтан торуылдап, ішіндегі іріп-шіріген «токсичный» затты оңды-солды шашады. Оны табанымызбен таптап үйге алып кіреміз. Бастауышта оқитын әлі де әлжуаз баланы қоқыс төгуге жіберетін ата-ана баланың қолындағы дорбаны мусыркіге тастауға әлі жете ме деген мәселеге бас ауыртпайды. Осы қоқыс үшін талай таныс адаммен жүз шайысып, ат құйрығын үзістік. Олар үшін шырт түкіріп, шыттай киінген маңызды. Үйінің ішіндегі еуроремонт пен көлігінің мұнтаздай тазалығы – құндылық. Есіктің арғы жағындағы әлем отқа оранса да бәрібір.Біздің балалардың өмірі де осындай өткінші нәрселерге байланбаса екен дейсің.Мәселе біздің елде қоқыс сорттау өндірісі жолға қойылған ба? Ол жағын Әлия Назарбаевадан анықтау керек…

Думан Быкай

Фейсбуктегі парақшасынан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...