Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-20 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Танымал

Ел аузында

18-19 қарашада Атлантикалық циклон және атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (қар) болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады деп күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі. 20 қарашада суық солтүстік-батыс антициклоны әсерінен, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды, алайда елдің батысы мен солтүстік-батысында кезекті циклон ықпалымен қайтадан жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

«Ауа температурасының ауытқуы Қазақстанның батысында түнде 0-5-тен 5-10 градус аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 5-15-тен 15-25 градус аязға дейін, оңтүстік өңірлерде 5-13-тен 8-16 градус аязға дейін, шығыста 2-10-нан 15-25 градусқа дейін аяз болады», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...