Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Қазақстанда тағы бір мейрам бекіту ұсынылды

Танымал

Ел аузында

Кездесуге қатысқан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов альянс ұсынысына қатысты пікір білдірген жоқ

 «Қазақстан студенттерінің альянсы» республикалық қозғалысының жетекшісі Ілияс Түстікбаев студент күнін ресми түрде бекітуді ұсынды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен болған кездесу кезінде студенттік альянстың басшысы жаңа мейрамды 14 сәуірге белгілеу қажеттігін айтты.

«Біз 17 қараша күні кездесіп тұрамыз. Ол күні әлем бойынша халықаралық студенттер күні аталып өтеді. Ал көрші Ресейде студенттер күні 25 қаңтарда тойланады. Себебі Ресей президенті осы мейрамды арнайы қаулымен бекіткен. Ал Қазақстанда ондай дата жоқ. Осыған байланысты 14 сәуірді ресми түрде Қазақстан студенті күні ретінде бекітіп, жыл сайын атап өтуді ұсынамыз», – деді Түстікбаев.

Оның айтуынша, студенттердің бөлек мейрамы бекітудің нәтижесінде жастардың бірлігі күшейе түседі. Олар төл мейрамында кездесіп, тығыз араласады. Жастардың патриотизмі де артады.

Кездесуге қатысқан білім және ғылым министрі альянстың ұсынысына қатысты пікір білдірген жоқ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...