Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

«40 түйемнің 4-і ғана қалды»: Малы қырылып жатқан шаруалар шапан киіп, қолына қамшы алып елордаға келді

Танымал

Ел аузында

Малдары әлі де қырылып жатқан маңғыстаулық шаруалар назын айтып, елордадан бір-ақ шықты. Алғаш рет ұйымдастырылған шаруалар құрылтайына Ақтөбе мен Қызылорда облысының азаматтары да келген. Жиналғандар үкімет «төтенше жағдай» жариялап, жем-шөпке қайтарымсыз субсидия бөлмесе, алдағы қыста қолдағы бар малымыз аштықтан қырылады» деп алаңдайды. Айтуларынша, қазір мал жайылатын далада шөп жоқ, қымбатқа сатып алайын десе де, жем-шөп табу қиын. Ал ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері «қаражат қажет болса, бөлуге дайынбыз, бірақ оны тиімді жұмсау облыс әкімдігінің ісі» деді. Бұл туралы 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды. 

Шаруалар мемлекеттен берілген 1,9 миллиард теңге жұғым болмады деп ашулы. Құрылтайға олардың кейбірі қазақы нақышта костюм киім қолдарына қамшы ұстап келіпті. Малдары ресми тіркеуде тұрғандары түйеге 9 мың теңге, жылқы басына 10 мың теңге алған. Бірақ ол ары-кетсе 3 күндік жем-шөбіне жеткен. Алда қыс, қазірдің өзінде малымыз қырылып жатыр дейді.  

“Халықтың бірталай негізгі жылқысы қырылды. Далаға енді мал іздеп шықпайтын болдық. Бәрі қолына ұстап отыр. Менің сол қырық шақты түйем болған. Сол қырық шақты түйеден қазір төртеуі ғана қалды!” – дейді шаруа қожалығының иесі Нұрасыл Қармысов.  

Шаруалар ресми қырылған малдың саны 1207 емес, кемі 5 мың бас деп отыр. Қолында азын-аулақ малы барлар тіркелмегендіктен, ресми есепке алынбаған. Ал мал басына 9-10 мың теңге аздық ететінін депутаттар да айтып отыр. 

“Ерегескендей осы жылы 10 мың тг қылып тастаған. Күні бүгінге дейін ол қаражат та берілген жоқ! Ең болмаса көктемге дейін шығып кету үшін шаруаларға қаржы жағынан көмектесу керек”, – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Самат Мұсабаев.

Ал ауыл шаруашылығы министрлігі егер облыс әкімі үкімет резервінен жем-шөпке тағы да қаражат сұраса, министрлік тарапы қолдауға дайын екенін айтты. Бірақ қазірдің өзінде Каспий әлеуметтік корпорациясы арқылы жем-шөпке 5,3 миллард теңге қарастырылған. 

“24,1 млн тоннаға жуық шөп, 1,5 млн тонна пішендеме, 2 млн тоннадан астам сүрлем, 4,5 млн тонна сабан, сонымен қатар құнарлы жем де дайындалған болатын. Әкімдік уақытында таратып, үлестіреді деген сенімдеміз”, – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев. 

Алайда Маңғыстау облыстық әкімдігінің шенеуніктері жауап беруге асығар емес. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев іссапарда жүр деген ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы шаруалардың талабын міндетті түрде ескереміз деп сендірді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...