Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Алматы облысында су бөгеті жарылды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысындағы Книжевское су қоймасындағы бөгеттің жарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтуынша, бөгет корпусы 21 қараша күні сағат 23.13 шамасында Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында жарылған. Бөгеттегі ойықтың ені 5-6 метр, шамамен секундына 30 текше метр су ағып жатыр. 

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, су тұрғын үйлерге жетпеді. 

Бөгеттен аққан су Мыңбаев – Қасымбек аудандық маңызы бар автожолды шайып өтті. Қазіргі таңда тас жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жағдай біртіндеп тұрақталып келеді.

«Ағынды су көлемі азайып келеді. Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ», – делінген хабарламада.

Оқиға орнында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы бастаған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері бар. Қазірде оқиғаның салдарын жою штабы құрылды.

Книжевское су қоймасының көлемі 4,47 млн ​​текше метрді құрайды, қазіргі уақытта ол 50% толған.

Жарылғаннан кейін су Қарғалы өзенінің арнасына құйылып, одан әрі Іле ауданындағы Куртинское су қоймасына құяды.
 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...