Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Ұлт көшбасшысы болып қала береді – Үкібай саяси шешімге түсініктеме берді

Танымал

Ел аузында

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бүгінгі саяси шешімге орай түсініктеме берді деп хабарлайды, ulysmedia.kz.

«Нұрсұлтан Әбішұлы атқаратын қызметтеріне және регалийіне қарамастан, Ұлт көшбасшысы – Елбасы, қазіргі заманның көрнекті саясаткері, әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді тұлға болып қала беретінін түсіну керек. Қазіргі заманғы Қазақстанды құрудың бастауында тұрған, өз жанын елге салған және оған бүкіл өмірін арнаған адам әрқашан халық мүддесімен өмір сүретінін, ұлттың және бүкіл елдің болашағы үшін күресетінін әркім түсінеді деп ойлаймын. Елбасының бұл ұстанымы өзгеріссіз қалады», – деп түсіндірді Айдос Үкібай.

«Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, NurOtan партиясы Қазақстан Президенті үшін, әсіресе, пандемиядан туындаған жаһандық дағдарыс жағдайында басты тірек болуға тиіс. Партия жарғысына сәйкес оның төрағасын сайлау және қызметтен босату Nur Otan партиясы съезінің айрықша құзыретіне жатады. Осы уақытқа дейін Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасы болып қала береді», – деп қосты Елбасының кеңесшісі – баспасөз хатшысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...