Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Мәскеуде қазақстандық блогерлер 3,5 жылға сотталды

Танымал

Ел аузында

Мәскеуде такси ұрлап әзілдемек болған қазақстандық блогерлер бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мәскеу прокуратурасы хабарлады.

«Мәскеу қаласының Пресненск аудандық соты көршілес елдердің бірінің үш азаматы: 24 жастағы Рамир Хасановқа, 29 жастағы Айдын Түсіповке және 31 жастағы Ерсін Дүмшебайға қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімін шығарды. ( …)

Сот үкімімен Хасанов, Түсіпов және Дүмшебай әрқайсысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталғандар сот залында қамауға алынды. Олар жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді», – делінген хабарламада.

2021 жылдың наурыз айында жастар «Мәскеу сити» сауда орталығына премиум такси шақырған. Құны 3,5 миллион рубльден асатын көлік тапсырысқа келді. Жүргізуші олардың өтініші бойынша сөмкелерді жүксалғышқа салып жатқанда, айыпталушылардың бірі жолаушы орындығына отырса, екіншісі көлік тізгініне отырып, кетіп қалған. Үшіншісі кетіп бара жатқан шетелдік көлікті және көлік иесінің реакциясын түсіріп алған. Бірнеше минуттан кейін күдіктілер қайтып келіп, жүргізушіге осылайша әзілдеп жатқандарын түсіндірді. Сол күні қазақстандықтарды тәртіп сақшылары ұстап, қылмыстық іс қозғады.

«Россия 24» телеарнасының хабарлауынша, блогерлер жеті айға жуық үй қамауында болған. Сот оларға интернетке кіруге және бөгде адамдармен, соның ішінде журналистермен сөйлесуге тыйым салды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...